Жабдықтарды құрастыру, түйістіру, қосу және ретке келтіру, трассировкалау, дәнекерлеу (пайкалау), құбырлар мен коммуникацияларды оқшаулау және бекіту, тексеру, іске қосу, режимдерді баптау — бұл жұмыстардың барлығын үлкен практикалық тәжірибесі бар білікті мамандар орындайды.
МОНТАЖДАУ ЖОБАСЫН ЖАСАУ БАРЫСЫНДА БІЗ ГЕРМАНИЯНЫҢ ТОҢАЗЫТҚЫШ ТЕХНИКАСЫ ИНСТИТУТЫ ӘЗІРЛЕГЕН ЗАМАНАУИ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫ ПАЙДАЛАНАМЫЗ.
Біз қолданатын бағдарламалық жасақтама гидравликалық кедергілерді дәл есептеуге және оны тоңазытқыш техникасын оңтайлы таңдау үшін, сондай-ақ жұмыс режимдерін баптау кезінде ескеруге мүмкіндік береді.
Құбыржолдар мен магистральдарды жобалаудағы біздің тәсіліміз құбырлардың қажетті диаметрлерін, олардың ұзындығын, бұрылыстардың, көтерілулер мен түсулердің санын оңтайлы таңдауға, сәйкесінше қажетті шығын материалдарының дәл ерекшелігін (спецификациясын) алуға мүмкіндік береді.