Select language
ӨНДІРІС

«Eurocold» өз тоңазытқыш жабдықтарын шығаруды сәтті ұйымдастырды. Бұл стандартты дайын шешімдері қарастырылмаған ең күрделі әрі бірегей жобаларды да іске асыруға жол ашады.

ӨНДІРІСТІК
АЛАҢ
Тоңазытқыш машиналарын өндіру Алматы қаласында мамандандырылған жабдықтармен және құралдармен жарақтандырылған өндірістік алаңда жүзеге асырылады.
Жабдықтың ұзақ мерзімді әрі сенімді жұмыс істеуінің маңызды элементі — тоңазытқыш машинасының әртүрлі бөліктерін біртұтас жүйеге сапалы құрастыру және дәнекерлеу (пайкалау) болып табылады.
Цехтан шығатын барлық жабдық артық қысыммен тексеруден өтеді, қондырғыларды басқару шкафтары бапталады және цехта қосымша тексеріледі.
ОЛАРДЫҢ ҮЗІЛІССІЗ ЖҰМЫСЫ — БІЗДІҢ ҚЫЗМЕТІМІЗДІҢ БАСТЫ КӨРСЕТКІШІ

Біздің мамандар есептеп, жеткізіп берген тоңазытқыш машиналарымен және чиллерлермен жабдықталған түрлі сауда нысандары, өндірістік алаңдар, супермаркеттер, гипермаркеттер мен үйлестіру (логистикалық) орталықтары әртүрлі өңірлерде 10 жылдан астам уақыт бойы табысты жұмыс істеп келеді.
Инженерлердің негізгі міндеті — қуаттылықты, жинақталымды, қорғаныс жүйелерін және энергия үнемдейтін технологияларды дұрыс таңдауды жүзеге асыру.

Қуаттылықты таңдау кезінде біздің білікті мамандарымыз гидравликалық кедергілерді, биіктік айырмашылықтарын, магистральдардың бағытталуын (трассировкасын) және түзету коэффициенттерін ескере отырып, техникалық параметрлер мен жүйенің тұтас кешеніне бағдар жасап, негізге алады.

Жылу алмасу аппаратурасын таңдағанда, біз әрбір жеке өңірге тән қысқы және жазғы температураларды міндетті түрде есепке аламыз. Сондай-ақ, шуыл қысымының оңтайлы деңгейін таңдау үшін тұрғын және жұмыс үй-жайларынан қашықтықты да назардан тыс қалдырмаймыз.
Біз сервисімізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланамыз
OK