Select language

Алматы қ. «Lotte-Рахат» АҚ үшін чиллерлер мен гидромодульдерді жеткізу және монтаждау

Біздің көпжылдық серіктесіміз – «Lotte-Рахат» фабрикасы үшін өндірістік технологиялық желіге арналған чиллерлер мен гидромодульдерді әзірлеу, өндіру, жеткізу және монтаждау жұмыстары жүзеге асырылды.
Чиллерлер мен гидромодульдер тапсырыс берегушінің жеке талаптарына сай дайындалып, әйгілі фабриканың жаңа өндірістік желісінің құрылымына сәтті кіріктірілді және оның сапалы әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуде.

Чиллерлерді жобалау және өндіру барысында біздің инженерлер Bitzer Compact бұрандалы компрессорлар сериясын пайдаланды.
Компрессорлардың өнімділігін біртіндеп және сатылы түрде реттеу.
Шу мен дірілдің төмен деңгейі.
1
Кіріктірілген май бөлгіштің арқасында қондырғының шағын габариттік өлшемдері.
2
3
COP жоғары тоңазытқыш коэффициенті.
Экономайзерді қолдану мүмкіндігі.
4
Пайдаланудың қарапайымдылығы.
5
6
Сенімділіктің жоғары деңгейі және ұзақ қызмет ету мерзімі.
7
Compact компрессорлар сериясының кәдімгі бұрандалы компрессорлармен салыстырғанда бірқатар артықшылықтары бар:
Сондай-ақ жобаны жүзеге асыруда Bitzer компаниясы шығарған қабықша-түтікті жылу алмастырғыштар мен май салқындатқыштар, Danfoss, Siemens және Schneider автоматикасы қолданылды. Конденсаторлар – Италияның «LU-VE» өндірісі.

Чиллерлерден бөлек, біздің мамандар аралық жылу тасымалдағышқа арналған гидромодульдерді әзірлеп, орнатты. Гидромодульдер 2 сорғымен (негізгі және резервтік), кеңейту бактарымен, сондай-ақ 24/7 режимінде жұмыс істеуге арналған автоматтандыру және қорғаныс жүйелерімен жобаланған.
Біз сервисімізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланамыз
OK