Серіктестігіміздің алғашқы жылында біз желінің жаңа нысандарын жобалап, монтаждап қана қоймай, жұмыс істеп тұрған дүкендерді ретрофиттеуді (жаңғыртуды) де орындадық. Республика астанасы — Ташкент қаласында ғана емес, сонымен қатар басқа да қалаларда: Самарқанд, Термез, Денау, Ферғана, Әндіжан, Наманған, Жызақта барлығы 20-ға жуық жобаны жүзеге асырдық.
Жобалар аясында біз тарапымыздан келесі жұмыстар орындалды:- сыртқы суықпен жабдықталатын тоңазытқыш жабдықтарының әртүрлі коммуникациялары мен электр желілерін бірыңғай жүйеге орналастыруды және қосуды жобалау;
- тоңазытқыш және мұздатқыш камераларға арналған орталық тоңазытқыш машиналарды, агрегаттар мен басқару жүйелерін, сондай-ақ сауда залының жабдықтарын — қабырғалық тоңазытқыш витриналарды, жартылай горкаларды, кулинарияға, етке, ірімшіктер мен шұжықтарға арналған витриналарды, кондитерлік витриналарды өндіру, жеткізу және монтаждау;
- сэндвич-панельдерден тоңазытқыш және мұздатқыш камераларды жеткізу және монтаждау;
- жылу алмасу жабдықтарын — ауа салқындатқыштарды, конденсаторларды, сондай-ақ өндірістік үй-жайлар мен цехтарды салқындатуға арналған мамандандырылған ауа салқындатқыштарды таңдау, жобалау, жеткізу және монтаждау.
Bitzer компрессорлары негізінде құрастырылған орталық тоңазытқыш машиналар мен агрегаттар заманауи энергия үнемдеу, бақылау және қорғаныс жүйелерімен жасақталған, бұл оларды минималды шығындармен ұзақ жылдар бойы тиімді әрі сенімді пайдалануды қамтамасыз етеді.
Супермаркеттерге сервистік қызмет көрсетуді біздің компаниямыздың сервистік қызметкерлері тәулік бойы жүзеге асырады.
«Корзинка» супермаркеттер желісіне сенім білдіргені үшін алғыс айтамыз және өркендеу мен әрі қарай дамуды тілейміз!