2024 жылғы қарашада біздің көпжылдық серіктесіміз — онлайн-ритейл көшбасшысы
Magnum E-commerce құрған Қазақстандағы ең ірі «Darkstore» өз жұмысын бастады. Рекордтық қысқа мерзімде жүзеге асырылған бұл ауқымды әрі бірегей жоба тапсырыс берушіге өзінің операциялық қуаттарын арттыруға және тәулігіне 20 000-ға дейін тапсырысты өңдеуге мүмкіндік берді.
«Darkstore» оңтайлы жұмыс істеу үшін қажеттінің бәрін қамтиды: тоңазытқыш және мұздатқыш камералар, тапсырыстарды шоғырландыру (консолидация) және жөнелту аймақтары, меншікті өндіріс, цехтар, сондай-ақ ұзақ мерзімді сақтау камералары.
Жобада энергия үнемдеу және пайдалану шығындарын оңтайландыру бойынша ең заманауи шешімдер іске асырылған:- Конденсаторларға арналған адиабаталық (буландырғыш) салқындату жүйелері.
- Орталық тоңазытқыш машиналардың суық өнімділігін біртіндеп реттеу жүйесі.
- Төмен температуралы тоңазытқыш машиналардың қуатын арттыру үшін орташа температуралық агрегаттарда экономайзерлерді пайдалану.
- Конденсаторлар желдеткіштерінің айналу жылдамдығын жиіліктік реттеу.
- Интеллектуалды басқару жүйелері бар электронды термореттегіш вентильдер (ЭРВ).
- Конденсацияның «тегін» жылуы есебінен тауарды қабылдау және жөнелту аймағын жылыту жүйесі.
- Хладагенттің конденсация жылуын пайдалана отырып суды жылыту.
- Төмен температуралы ауа салқындатқыштарды электрлік ТЭН-дерді қолданбай еріту.
- Барлық элементтердің жұмысын диспетчерлеу, бақылау және оңтайландыру жүйесі.
Осы және басқа да көптеген инновациялар біздің тапсырыс берушімізге пайдалану шығындарын айтарлықтай азайтуға және өнімді жылдам әрі сапалы жеткізе отырып, клиенттерге барынша тиімді, сенімді және жедел қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Евроколд Сервис ltd» ЖШС жұмыстың толық кешенін орындады: тоңазытқыш жүйелерін жобалау, сэндвич-панельдерді, есіктерді, орталық тоңазытқыш машиналарды, ауа салқындатқыштарды, конденсаторларды, басқару пульттерін, сондай-ақ диспетчерлеу және жылуды кәдеге жарату жүйетерін өндіру және жеткізу. Біздің команда нысанда жабдықтарды монтаждауды, құрастыруды және іске қосу-баптау жұмыстарын жүзеге асырды.
Сервистік қызмет көрсету де біздің компаниямыздың күшімен жүргізіледі.