Қазақстанның оңтүстігі — ыстық және құрғақ климат, бұл адиабаталық салқындатуды қолдану үшін тамаша жағдайлар.
1. Нидерландтық Oxycom өндірушісінің адиабаталық салқындату жүйесі — тоңазытқыш агрегаттарының электр энергиясына жұмсалатын шығындарын 25-30%-ға азайтуға мүмкіндік беретін бірегей әрі патенттелген шешім. PreCool адиабаталық ауа салқындатуы конденсаторға кіреберістегі ауа температурасын 13-15 градусқа төмендетті!!! Компрессорлардың орнатылған электр қуаты 50 кВт-қа азайтылды. Жүйенің өзін-өзі ақтау мерзімі 1,5-2 жылды құрайды.
Oxycom адиабаталық салқындату жүйесінің ерекшеліктері- Суды алдын ала дайындау (водоподготовка) қажеттілігі жоқ
- Судың конденсатормен тікелей байланысы жоқ
- Берілетін судың температурасы жүйе жұмысының тиімділігіне әсер етпейді
- Панельдер тазалау үшін оңай шешіледі және қорғаныс сүзгісімен жабдықталған
- Су жүйеде рециркуляцияланады (қайта айналады)
- Қызмет ету мерзімі кемінде 5 жылды құрайды
- Панельдердің алюминий қабырғаларына коррозияға қарсы, бактерияға қарсы, микробиологиялық, су сіңіргіш және таратушы жабын жағылған. Oxyvap панельдері — контактілі ауа ылғалдандырғышы. Сондықтан су тамшылары ауаға түспейді, бұл легионелланың ауа арқылы таралуын болдырмайды.
2. Конденсацияның «тегін» жылуымен суды жылыту жүйесі. Бұл жобада біз конденсация жылуын кәдеге жарату есебінен суды «тегін» жылытудың үлкен әрі күрделі жүйесін іске асырдық. Біз тапсырыс берушіні 3 текше метр жылы сумен қамтамасыз еттік. Мұндай жүйенің өзін-өзі ақтау мерзімі 2 жылдан сәл ғана асады. Қызмет ету мерзімі кемінде 10 жыл.
3. Төмен температуралы тоңазытқыш машинаға арналған экономайзер компрессорлардың қажетті қуатын екі есе азайтуға мүмкіндік берді. Төмен температуралы тоңазытқыш машинаның хладагентін аса қатты салқындату үшін орташа температуралық тоңазытқыш агрегатының ресурсын пайдалану қажетті қуатты айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді, бұл тек пайдалануда ғана үнемдеуді қамтамасыз етіп қоймайды, сонымен қатар көп жағдайда мұндай шешім тапсырыс берушіге жобаға бастапқы инвестициялар кезеңінде арзанырақ түседі.