Select language

Алматы қ., Бұқтырма көш. «ARBUZ» компаниясының онлайн-саудаға арналған үйлестіру орталығы

2026 жылғы қаңтарда Алматы қаласында «ArbuzGroup (Арбуз Груп)» ЖШС компаниясының онлайн-саудаға арналған жаңа үйлестіру орталығы ашылды.
Үйлестіру орталығы (ҮО) өз ішіне сақтауға арналған тоңазытқыш және мұздатқыш камераларды, сондай-ақ камералар кеңістігін пайдалануды оңтайландыру үшін мезониндік кешендермен жабдықталған өнімді өлшеп-орау және жөнелту цехтарын қамтиды.

Біздің команда ARBUZ үшін тоңазытқыш және мұздатқыш қойма алаңдарын жобалау және іске асыру бойынша жұмыстардың толық спектрін орындады:
  • Біздің команда ARBUZ үшін тоңазытқыш және мұздатқыш қойма алаңдарын жобалау және іске асыру бойынша жұмыстардың толық спектрін орындады:
  • Цехтар үшін тағамдық бедерлі (рифленый) алюминийден жасалған отбойниктері бар маятниктік есіктер таңдалды;
  • Өнімді сақтау камераларында буландырғыштардың орналасуы ауа массаларының біркелкі таралу принципі бойынша жобаланған, бұл бүкіл үй-жай көлемінде температураның тұрақты сақталуын қамтамасыз етеді;
  • Орталық тоңазытқыш машиналар тіпті ең жоғары (пиктік) жүктемелер кезінде де барлық салқындатылатын үй-жайларда жұмыс температурасын қамтамасыз ету үшін қуат қорымен жобаланған;
  • Сэндвич-панельдерді және тоңазытқыш есіктерін жеткізу және құрастыру;
  • Нысанға орталық тоңазытқыш машиналар мен агрегаттарды құрастыру және жеткізу;
  • Ауа салқындатқыштар мен конденсаторларды жеткізу және монтаждау;
  • Ауа салқындатқыштарды басқару пульттерін құрастыру және жеткізу;
  • Диспетчерлеу жүйесін құрастыру және жеткізу;
  • Тапсырыс берушінің нысанында барлық жабдықты монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстары.

Жобада заманауи энергия үнемдеуші технологиялар қолданылды:
  1. Bitzer (Германия) компрессорларында құрастырылған орталық тоңазытқыш машиналар қуаттың 10-нан 100%-ға дейінгі диапазонында суық өнімділігін біртіндеп реттеу жүйесімен жабдықталған. Бұл тапсырыс берушіге электр энергиясын қатаң түрде нақты қажеттілікке қарай жұмсауға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, тоңазытқыш агрегатының бірқалыпты жұмысы зиянды «старт-стоп» режимдерінің болмауы есебінен компрессорлардың қызмет ету мерзімін ұзартады.
  2. Орташа температуралық агрегаттарда экономайзерлерді пайдалану төмен температуралы тоңазытқыш машиналардың қуатын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл төмен температуралы жүйелерді қолдау үшін орташа температуралық қондырғылардың энергиясын пайдалануға жағдай жасап, күрделі шығындарды да, пайдалану шығындарын да азайтады.
  3. Lu-Ve (Италия) компаниясының барлық жылу алмасу жабдықтарында ЕС-моторлы және айналу жылдамдығы реттелетін желдеткіштер қолданылады.
  4. Интеллектуалды басқару жүйелері бар электронды термореттегіш вентильдер тоңазытқыш қондырғыларының сенімді жұмысын қамтамасыз етеді және тоңазытқыш машиналардың жалпы энергия тұтынуының шамамен 15%-ын үнемдеуге мүмкіндік береді.
  5. Әлемдік көшбасшы — Danfoss концернінің бүкіл тоңазытқыш жабдықтары кешенінің мониторинг және диспетчерлеу жүйесі нысанда тікелей болмай-ақ, жабдық жұмысының барлық параметрлерін онлайн режимде бақылауға және түзетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ жүйе тапсырыс беруші мен қызмет көрсетуші ұйымның қызметкерлеріне төтенше жағдайлардың туындағаны туралы автоматты түрде хабарлайды.

Заманауи технологияларды қолдану біздің серіктесімізге пайдалану шығындарын айтарлықтай азайтуға және өз клиенттеріне барынша тиімді, сенімді және жедел қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жаңа өңірлерінде даму географиясын сенімді түрде кеңейтуге мүмкіндік береді. Алматыдағы жаңа үйлестіру орталығынан бөлек, біздің тапсырыс берушімен бірлесіп Қарағанды қаласында да осындай ұқсас жоба жүзеге асырылды.

Жобада тоңазытқыш камераларын жобалау және құрастыру кезінде өрт қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жанғыштық тобы Г1 болатын PIR сэндвич-панельдері пайдаланылды, бұл пайдалану кезінде жоғары қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ біз ай сайынғы сервистік қызмет көрсетуді жүзеге асырамыз, оған мыналар кіреді:
  • регламенттік жұмыстар;
  • авариялық шақыртуларға жауап беру;
  • тоңазытқыш жабдықтарының мониторингі және диспетчерлеу жүйесі арқылы талдау жұмыстары.

Біз серіктестерімізге сенім білдіргені және батыл инновациялық шешімдерді бірлесіп іске асыруға дайын болғаны үшін алғыс айтамыз. Оларға «ArbuzGroup (Арбуз Груп)» ЖШС компаниясының азық-түлік өнімдерін онлайн-жеткізу сервисінің қамту географиясын әрі қарай кеңейте беруді тілейміз.

Біз сервисімізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланамыз
OK